Қазақстан Энергетика министрлігі мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол картасы мен заң дайындауда
Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында:
Мұнай-газ химиясы саласы жоғары мультипликативті әсер береді, осы тұста полимерлі шикізат жаңа өндірістерді дамыту үшін негіз болатыны белгілі.
Соған байланысты бұл саланы дамыту бойынша жүйелі тәсілдер талап етіледі.
Осы міндетті шешу үшін министрлік ағымдағы жылдың маусым айында «Мұнай – газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған Жол картасын» бекітетін болады. Онда шикізатпен қамтамасыз етуден бастап түпкілікті өнім шығаруға дейінгі іс-шаралар қамтылады.
Сонымен қатар, мұнай-газ химиясын ынталандыру және қолдау мақсатында «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» заңды әзірлеу мәселесі пысықталуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -