ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ ЖОО ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ: САЯСАТ НҰРБЕК PENN STATE UNIVERSITY ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ: Астана қаласы, 08 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ ЖОО ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ: САЯСАТ НҰРБЕК PENN STATE UNIVERSITY ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Penn State University деканы Стивен Гордон Барнспен кездесті. Кездесу аясында американдық жоғары оқу орнының қазақстандық серіктестермен ынтымақтастығы туралы бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен студенттермен алмасу үшін Қазақстан аумағында Penn State University кампусын ашу перспективасын, Penn State University филиалында мамандар даярлау үшін басым білім беру бағдарламаларын айқындауды, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен технологияларды дамыту саласындағы әлеуетті ұзақ мерзімді халықаралық әріптестіктерді қарастырды.

«Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу міндеттерін қойып отыр. Біз халықаралық студенттерді тарту үшін Қазақстанды жаһандық академиялық хабқа айналдырғымыз келеді, бұл әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтастықты едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді Саясат Нұрбек.

Министр қолайлы білім беру ортасын құрудың маңыздылығына тоқталды, ол ағылшын тілінде өтетін бағдарламалар, халықаралық зерттеу бастамалары мен алмасу бағдарламаларын қамтуы тиіс. Ол Қазақстандағы білім сапасын арттырып қана қоймай, шетелдік әріптестермен білім мен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ететіні атап өтілді.

Penn State University деканы Қазақстанның аумағында шетелдік университеттердің филиалдарын жобалау және орналастыру тәжірибесін жоғары бағалап, еліміздің әріптестік өзара іс-қимылды жүзеге асырудағы оң үрдісін атап өтті.

«Мұндай жағдайлар Penn State University-дың болашақтағы ынтымақтастықты жалғастыруға және тереңдетуге деген сенімін айтарлықтай арттырады», - деді Стивен Гордон Барнс.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Penn State University 2022 жылдан бастап Қазақстандық студенттер мен оқытушыларды оқытуға 3 млн. АҚШ долларынан астам гранттық қаржыландыру бөлді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар