Қазақстан мен Түркия ауыл шаруашылығы саласындағы тауар айналымын ұлғайту туралы келісімге келді
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркия Республикасына жұмыс сапары барысында Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклымен кездесу өткізді.
Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстан-түрік қатынастарының тұрақты дамуын атап өтті: 2023 жылдың қорытындысы бойынша АӨК өнімінің тауар айналымы 13% -ға өсті.
Қазақстан дәстүрлі түрде Түркияға өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеткізеді, алайда 2024 жылдың маусым айында мал шаруашылығы өнімдеріне шектеулердің алынып тасталуына байланысты отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер етті мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға дайын екендіктерін білдірді. Мал өсіру, бордақылау және сою жөніндегі қазақстандық делегациясының құрамында ет өңдеу зауыттары бар.
Айдарбек Сапаров түрік әріптесіне шектеулерді алып тастауға күш салғаны үшін алғысын білдіріп,қазақстандық кәсіпорындардың Түркияның ветеринариялық қызмет инспекциясынан өтуі жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
"Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру біз үшін де маңызды. Түркия дәнді және майлы дақылдарды белсенді түрде импорттайды, сіздің компанияларыңыз біздің нарықта табысты жұмыс істеуде. Биыл бізде жақсы өнім күтілуде, сондықтан сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді арттыруға бағытталған жұмысты жалғастыру қажет", - деп атап өтті министр.
Аграрлық ғылым саласындағы ынтымақтастық перспективалы болып табылады. Түркия ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің алаңында ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының өкілдері ынтымақтастық жөніндегі 3 құжатқа қол қойды: Түркия Республикасының Ауыл шаруашылығын зерттеу және саясат Бас басқармасымен, Сивас ғылым және технологиялар университетімен және Түркия омарташылар қауымдастығымен.
Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және бірлескен өндірістер құру бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізіліп, сапар қорытындысы бойынша АӨК-ке инвестиция сомасы барлығы 2 млрд. АҚШ. долларын құрады.
Естеріңізге сала кетейік, түрік инвесторларының қатысуымен ҚР аумағында 6 инвестициялық жоба сәтті іске асырылды, жақын арада 553 млн АҚШ доллары сомасына тағы 10 жоба іске асырылатын болады, оның ішінде жылыжай кешендерінің, бидай мен бұршақты терең өңдеу зауыттарының, көкөніс қоймаларының және т. б. құрылысы.
Өз кезегінде Ибрагим Юмаклы жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркия ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің екіжақты қарым-қатынастарын дамыту жөніндегі ниеті ортақ келетінін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -