Қазақстан мен Жапония арасындағы JCM бірлескен комитетінің бірінші отырысы
Бүгін Қазақстан мен Жапония арасындағы JCM (Joint Crediting Mechanism) Бірлескен комитетінің бірінші отырысы өтті. Бұл тарихи оқиға климаттың өзгеруіне қарсы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болып отыр.
Отырысқа Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджима және ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев қатысты.
Кредиттеудің бірлескен механизмі (JCM) Париж келісімінің 6-бабында қарастырылған құрал болып табылады, ол көміртегі ізін азайтуға және озық технологиялармен алмасу және бірлескен жобалар арқылы тұрақты дамуға ықпал етуге бағытталған.
2023 жылы Қазақстан мен Жапония JCM бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, ол қазақстандық кәсіпорындарда инвестициялар тарту және заманауи жапон технологияларын енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Отырыста JCM іске асыруға дайындықтың негізгі нәтижелері ұсынылды, соның ішінде:• JCM Бірлескен комитетінің тең төрағаларын бекіту,• ережелер мен нұсқаулықтарды бекіту,• JCM Бірлескен комитетінің хатшылығы мен бақылаушыларын бекіту.
Қатысушылар сонымен қатар парниктік газдар шығарындыларын азайту саласындағы перспективті жобаларды, сондай-ақ JCM механизмі шеңберінде көміртегі кредиттерін беру тәртібін талқылады.
Бірлескен комитет одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге және жобаларды іске асыруға дайын екендігін растады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -