Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері орынбасарларының кездесуі туралы
Астана, 2025 жылғы 29 қаңтар – Қазақстан СІМ-де Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузиннің кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылы талқыланды.
Уағдаластықтарды іске асыруға және алдағы бірлескен іс-шараларды биік және жоғары деңгейде дайындауға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге өзара бейілділік расталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -