Қазақстан құрамасы географиядан EGeO Еуропалық олимпиадасында алты медаль жеңіп алды
Сербияның Белград қаласында EGeO географиядан Еуропалық олимпиадада Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті. Команда 100% көрсеткішке жетті, бұл біздің оқушылардың дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді.
Кұрама команда нәтижесі:
Сыдыков Арсен — Шымкент қаласы ХМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
Енбахтов Андрей — Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;
Болат Ақжол — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
Серікбай Қанат — Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Дарынов Амир — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
Сабыр Жомарт —Жамбыл облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы. Команда жетекшісі — Абай Дүйсен —республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.
Біз жас географтарды айтулы жеңістерімен құттықтаймыз және оларға халықаралық ареналарда табыс тілейміз!Анықтама үшін: Географиядан Еуропалық олимпиада EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Өткен жылы еліміздің жас географтары 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлде болған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -