Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдерімен Қарағанды облысы бойынша ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесу өткізілді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері Орынханов Қ.Қ - Персоналды басқару және стратегия департаментінің директоры, Әділханов Д.Б. Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі, Тоқбергенова Д.Е. - Персоналды басқару және стратегия департаменті директорының орынбасары Қарағанды облысы бойынша ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет саласында енгізілген өзгерістер мәселелері айтылып, басшылармен қызметкерлердің қарым-қатынасындағы мінез-құлық және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру шараларына қатысты ұсыныстар берілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүргізуге, кадрларды тағайындау кезінде меритократия қағидаттарын сақтау қажеттілігіне, сондай-ақ әрбір қызметкер мен мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыста басқарудың жаңа нысандарын пайдалануға ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында бөлім қызметкерлерінің жеке қабылдау мен анонимді сауалнамалары жүргізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -