Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының қызметіне қатысты Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының есептерді және қосымша ақпарат беру нысандарын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары беретін есептілікті және қосымша ақпарат беру нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру бойынша түсініктемелерді жаңарту және пысықтау мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады (https://legalacts.egov.kz/npa/viewid=15232750).
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -