Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы әуе кеңістігі арқылы транзит туралы келісім туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді
Қорғаныс министрлігінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзиті туралы келісімге қол қою туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.
Құжат Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасындағы екі елдің әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзиті туралы келісімнің жобасын мақұлдау және ҚР Қорғаныс министріне оған қол қоюға өкілеттік беру мақсатында әзірленді. Келісім екі мемлекеттің әскери мүлкі мен персоналының әуе кеңістігі арқылы транзиті үшін құқықтық негіз құруға және шарттарды айқындауға бағытталған.
Келісімді іске асыру ҚР Қорғаныс министрлігіне тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 27 тамызына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15167033
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -