Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы залал мен шығынды бағалауды цифрландыруға қолдау көрсету
Вице-министр генерал-майор Е. С. Нұрпейісов бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері БҰҰ-ның Орталық Азия және Азия бойынша азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өңірлік кеңсесі мен төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығының өкілдерімен кездесу өткізді. Онда ФАО-ның қаржылық қолдауымен Орталық жүзеге асыратын «Қазақстандағы ауыл шаруашылығы секторы үшін залал мен шығындарды бағалау әдіснамасын институттандыру және цифрландыру» жобасының ағымдағы нәтижелерін талқылады.
Жобаның мақсаты өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы және аквамәдениет сияқты секторлардағы ықтимал шығындар мен залалдарды бағалаудың кешенді құралын әзірлеу болып табылады. Бұл құрал ұлттық саясат пен жоспарлау үшін де, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық бағдарламаларды, оның ішінде орнықты даму мақсаттары, дүлей зілзалалар қаупін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасы, БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясын өзгерту туралы Париж келісімі сияқты бастамаларды орындау климат және басқа да маңызды халықаралық міндеттемелер үшін де пайдалы болады.
Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр осы жобаны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Осы әдіснаманы пайдалану Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы секторының неғұрлым орнықты дамуына ықпал ете отырып, табиғи дүлей зілзалалар қаупін азайту жөнінде шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға көмектеседі.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -