«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы»
«2024 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 қаулысына, толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын, Бюджет кодексінің 209-бабын және «Астана қаласының авариялық үйлерін жаңарту және тұрғын үйлерін жаңғырту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1225 қаулысын іске асыруға «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірленді.
Бұйрық жобасында жергілікті және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламаларға толықтырулар енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2024 жылғы 11 маусымда орналастырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -