Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қазақ тіліне аударылған «Венчурлік ойлау» кітабының таныстырылымына қатысты: Астана қаласы, 05 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қазақ тіліне аударылған «Венчурлік ойлау» кітабының таныстырылымына қатысты

5 қазан күні Алматы қаласында Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев пен цифрлық стратегиялар жөніндегі сарапшы Алекс Дангтің «Венчурлік ойлау жүйесі: саналы түрде бәс тігу арқылы орасан зор табысқа қалай жетуге болады» бестселлерінің қазақ тіліне аударылған нұсқасының ресми таныстырылымы өтті. Іс-шара «Сәби» қайырымдылық қоры мен Byb Capital венчурлық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

«Венчурлік ойлау жүйесі: саналы түрде бәс тігу арқылы орасан зор табысқа қалай жетуге болады» кітабының таныстырылымы венчурлық капитал, кәсіпкерлік және цифрлық технологиялар саласындағы маңызды өкілдерді бір алаңда жинады. Іс-шарада Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі сөз сөйлеп, бұл кітаптың қазақ кәсіпкерлерінің венчурлық ойлау жүйесін дамытуға қосатын үлесінің зор екенін атап өтті.

Министр өз сөзінде үш негізгі ұсыныс білдірді:

«Біріншіден, мен Digital Nomads қауымдастығын қазақ тіліндегі техникалық әдебиетті дамытуға белсенді қатысуға шақырамын. Шетелдегі жетекші технологиялық компанияларда жұмыс істеп жүрген біздің мамандар техникалық терминдерді дұрыс аударып, олардың бейімделуіне айтарлықтай үлес қоса алады», — деді министр.

Сондай-ақ, министр венчурлық инвестициялар нарығын дамыту мақсатында арнайы кеңес құруды ұсынды. Бұл кеңес жыл сайын венчурлық инвесторлар, мемлекет өкілдері, қаржы секторы, стартаптар мен қорлар, сонымен қатар аймақтық елдердің өкілдері қатысатын жиналыс өткізеді. Бұл іс-шара Алматыда өтетін Орталық Азия венчурлық форумының алдындағы маңызды жиынға айналады деп сенеді.

Министр үшінші ұсынысында Астана Хаб инфрақұрылымын техникалық әдебиетті насихаттау мақсатында қолдану туралы ой білдірді: «Үшіншіден, бізде бар 15 аймақтық хабты пайдаланып, қазақ тіліндегі техникалық әдебиетті насихаттауға болады. Әсіресе университеттер арқылы таратуға көңіл бөлген жөн. Сондай-ақ, венчурлық инвестициялар, тіпті шетел нарығында болса да, капиталды сыртқа шығармай, елге білім мен технологиялар қайтаруға қызмет етеді».

Кітап туралы:

Профессор Илья Стребулаев венчурлық капитал және бизнестегі табысқа жету үшін шешім қабылдау тәсілдерін зерттеуге 20 жылдан астам уақыт арнады. Ол Amazon және McKinsey секілді технологиялық алпауыттарда мол тәжірибесі бар Алекс Дангпен бірлесіп, кәсіпкерлер мен инвесторлардың табысты болуына көмектесетін тоғыз қағиданы әзірледі. Кітап әлемдегі инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін маңызды нұсқаулыққа айналды және жақын арада қазақстандық дүкендер сөрелерінен табылатын болады.

Ақпарат көзі: Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар