Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесуі
Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті.
Кездесу барысында экология, қоршаған ортаны қорғау, биоалуантүрлілік және климаттың өзгеруі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Министр Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы экология және гидрометеорология саласындағы, оның ішінде 2023 жылғы мамырда қол қойылған Тәжікстан Үкіметі жанындағы қоршаған ортаны қорғау комитетімен өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде қолданыстағы жемісті ынтымақтастықты атап өтті.
Сондай-ақ, Министр климаттық күн тәртібінің маңыздылығын, әсіресе 2025 жылдың халықаралық мұздықтарды сақтау жылы болып жариялануына байланысты атап өтті.
Қазақстандық тарап экология, биоәртүрлілікті қорғау, климаттың өзгеруі саласында тәжірибе алмасу бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін білдірді. Бұдан басқа, 2026 жылы Қазақстанда өңірлік Климаттық саммит өткізуге дайындық процесінде белсенді ынтымақтасу уағдаластығына қол жеткізілді.
Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі жемісті дамуына үміт білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -