Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету саласында банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету саласында банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы қабылданды.
Қаулы «Кейбір заңнамалық актілерге несие берудегі тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1 және 20-баптарына өзгерістер енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленген.
Қаулыда мынадай өзгерістер көзделген:1) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бейрезидент болып табылатын басшы қызметкерлері туралы олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтерді белгіленген нысанда ұсыну тұрғысында «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысы;2) экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшілерді; ұлттық басқарушы холдингтің (бұдан әрі – ҰБХ), Қазақстанның Даму Банкінің, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының және ҰБХ еншілес венчурлық ұйымдарының басшы қызметкерлері (басқарма мүшелері, директорлар кеңесінің мүшелері) тиісті жұмыс тәжірибесі бар адамдарды тестілеусіз (Комиссия шешімі бойынша) бекіту мүмкіндігін қамтамасыз ететін «Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын, Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы №81 қаулы.
Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.
Анағұрлым толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады +7 (727) 237-13-78
e-mail: press@finreg.kz
https://www.gov.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -