Қазақстан СІМ-де халықаралық гуманитарлық құқықтың өзекті мәселелері талқыланды
Астана, 2024 жылғы 8 қараша
– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Орталық Азиядағы
өңірлік
делегациясының басшысы
Биляна
Милошевич
пен кездесті
.
Б.Милошевич
Қазақстанға
ХҚКК-ның
гуманитарлық миссиясын
орындауда
тұрақты қолдау көрсеткені
үшін
алғыс
білдірді. Ол
Қазақстан
өз азаматтарын қарулы қақтығыстар аймақтарынан, атап айтқанда Сирия мен Ирактан қайтару жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.
Қазақ дипломаты
ХҚКК-ның
гуманитарлық миссиясын
ың маңыздылығына назар аударып, биыл әлем мерекеле
п жатқан
Женева конвенцияларының
75 жылдығы мен оның рөлін
ерекше атап өтті. Еліміздің
Халықаралық
Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қозғалысымен бірлескен жұмыс
ы
ның
жалғастыру
ына бейілдік
расталды.
Тараптар Қазақстан, Бразилия, Қытай, Франция, Иордания және Оңтүстік Африка Республикасы 2024 жыл
ғы
қыркүйе
кт
е
Нью-Йоркте
жарияла
н
ған Х
алықаралық гуманитарлық құқыққа саяси қолдауды арттыру жөніндегі
жаһандық
бастама аясында одан
әрі
іс-қимылдарды талқылады.
Бұған қоса сұхбаттас
т
ар
Орталық Азия, Ауғанстан
мен
Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
ХҚКК – соғыс, зорлық-зомбылық және гуманитарлық апаттар құрбандарына көмек көрсетуді мақсат еткен тәуелсіз ұйым.
Ол
1992 жылдан бері Орталық Азияда қызмет атқарады, Ташкентте өңірлік өкілдігі және Астанада өкілдігі бар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -