Қазақстанда алғаш рет жас мамандарға арналған Jas Kenes Siylygy байқауы өтеді
Елімізде алғаш рет жас мамандарға арналған Jas Kenes Siylygy байқауы ұйымдастырылды. Оған 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 21 шілдеге дейін жалғасады.
Сыйлық қазақстандық қоғам үшін маңызды салаларда жұмыс істейтін (басшы емес) жас мамандарға беріледі.
Өтінімдер жеті номинация бойынша қабылданады:
-Janqiarlyq – құқық қорғау органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің өзге де ұйымдарының қызметкерлері үшін;
- Altyn jürek – орта және кіші медициналық персонал үшін (жедел медициналық көмек, акушерлер, санитарлар және т. б.);
- Önerkäsıp - өңдеу өнеркәсібінің, тау-кен металлургия кешенінің, агроөнеркәсіптік сектордың, тамақ өнеркәсібі ұйымдарының, энергетика секторының қызметкерлері және өндірістік сектордың басқа да өкілдері үшін;
- Bolaşaq turaly qamqorlyq – мектепке дейінгі, орта, орта арнайы білім беру мекемелерінің педагогтеріне, сондай-ақ мамандандырылған қызметтер көрсететін инклюзивті оқу орталықтарының қызметкерлеріне арналған;
- Adamgerşılık – балалар үйлерінің, қарттар үйлерінің, хоспистердің, жануарларға арналған баспаналардың және осындай әлеуметтік қызметтер көрсететін өзге де ұйымдардың қызметкерлері үшін;
- Kömek qoly – Қазақстанда және одан тыс жерлерде зардап шеккендерге және мұқтаж адамдарға ерікті көмек көрсетуді ұйымдастыруда өзін көрсеткен еріктілер үшін;
- Bızdıñ üi – коммуналдық және инфрақұрылымдық қызметтердің қызметкерлері, ПИК, МИБ (сантехник, электриктер және т. б.) қызметкерлері, сондай-ақ елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты өзге де ұйымдар үшін.
Негізгі ақпараттан басқа, үміткерлер ұсыныс және мотивациялық хаттар ұсынуы керек. Конкурстық іріктеу үш кезеңде өтеді. Іріктеуден кейін оларды сыйлықтың құрылтайшыларымен сұхбат күтеді, оның нәтижелері бойынша әр номинация бойынша екі жеңімпаз таңдалады. Jas Kenes Siylygy лауреаттары миллион теңгеден алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау сайтта 2024 жылғы 21 шілдеге дейін жалғасады https://www.jaskenes.kz/application.
Сыйлықтың құрылтайшысы – ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Сыйлықақы және кеңес қызметі туралы толығырақ ақпаратты сайттан алуға болады https://www.jaskenes.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -