Қазақстанда қазақ-қытай ғылыми-білім беру орталығы ашылады
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар маңызды стратегиялық құжаттарға қол қойылды.
Соның ішінде Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті (Янлинь қ., Қытай), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана қ., Қазақстан), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Петропавл қ., Қазақстан) және Семей қ. Шәкәрім атындағы Университет (Семей қ., Қазақстан) арасында Қытай-Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-білім беру орталығын құру туралы келісім жасалды.
Ынтымақтастық аясында тараптар әріптестік стратегияларының кең ауқымын пайдалануға, шетелдік бірлескен және қос дипломдық оқу бағдарламаларын әзірлеуде, ғылыми жобаларды қаржыландыруда және жүргізуде күш біріктіруге келісті.
Жаңа оқу орталығы аграрлық сала ғалымдарының тәжірибе алмасу және асыл тұқымды салада ортақ жобаларды әзірлеу алаңына айналады деп күтілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -