Қазақстанда бөлшек инвесторлардың мүмкіндіктері кеңейтіледі: Алматы қаласы, 25 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстанда бөлшек инвесторлардың мүмкіндіктері кеңейтіледі

Ұжымдық инвестициялар нарығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Дүниежүзілік Банкпен, Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) және қаржы нарығының жетекші сарапшыларымен бірлесіп инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Заң жобасын әзірлеу кезінде инвестициялық және венчурлік қорлардың қызметін реттеудің озық халықаралық тәжірибесі, оның ішінде Еуропалық Одақ, АҚШ, Ұлыбритания және Марокко елдерінде қолданылатын UCITS (Undertakings for Collective Investment in Transferable Securities) және AIF (Alternative Investment Funds) қорларының тұжырымдамасы пайдаланылды.

Құжатта бөлшек инвесторлардың инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру, ұжымдық инвестициялар нарығындағы тәуекелдерді барынша азайту және оның ашықтығын арттыру үшін үш ережені енгізу көзделеді.

«Біріншіден, капиталды тарту көздерін кеңейту мақсатында кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда қорлар құру мүмкіндігі көзделеді. Қолданыстағы заңнамада қорларды тек екі ұйымдық-құқықтық нысанда құру көзделеді – инвестициялық пай қоры және акционерлік инвестициялық қор. Заң қабылданғаннан кейін құрылтайшылар кез келген нысанда, оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік, сенім серіктестігі және қарапайым серіктестік қорларын ашуға мүмкіндік алады.

Екіншіден, инвестордың біліктілігіне қарай қорлардың жаңа жіктемесі белгіленеді. Қорлар екі санатқа бөлінеді – бағалы қағаздарға инвестициялау қорлары және баламалы инвестициялау қорлары. Бағалы қағаздарға инвестициялау қорларының активтеріне қолжетімділікті білікті және біліктілігі жоқ инвесторлар қамтамасыз етеді, өйткені олар өтімділігі жоғары және тәуекелі төмен құралдарға орналастырылады. Өз кезегінде баламалы инвестициялау қорлары тәуекелді басқару стратегиясына байланысты білікті инвесторларға ғана қолжетімді болады. Бұл білікті емес инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді және білікті инвесторлардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Үшіншіден, баламалы инвестициялау қорларына қатысты транспаренттілікті арттыру үшін уәкілетті органда есептік тіркеу және ақпаратты жария ету бойынша талаптар енгізілетін болады. Бүгінгі күні есептілікті ұсыну туралы талап бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға, инвестициялық пай қорларының және акционерлік инвестициялық қорлардың активтерін басқарушыларға ғана қолданылады. Заң қабылданғаннан кейін бұл талап венчурлік қорларға (Venture Capital), тікелей инвестициялау қорларына (Private Equity), тәуекелдік инвестициялау қорларына және хедж-қорларға (Hedge Funds) да қолданылады. Оларға қатысты уәкілетті органда есептік тіркеу бойынша талаптар да енгізіледі», – деп  мәлімдеді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Дүниежүзілік Банк сарапшыларының бағалауы бойынша, заңның қабылдануы үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін шетелдік инвесторға түсінікті реттеушілік орта құру арқылы ұжымдық инвестициялар нарығының одан әрі дамуына оң әсер етеді. Заң жобасында көзделген реттеу тәсілдері Қазақстанның инвестициялық және венчурлік қорларын UCITS (Undertakings for Collective Investment in Transferable Securities) және AIF (Alternative Investment Funds) индекстеріне қосуға мүмкіндік береді, бұл шетелдік инвестициялардың әкелінуін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні заң жобасын қаржы нарығына қатысушылар қолдады, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін Агенттік оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізу бойынша іс-шараларға бастама жасайтын болады.

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-89, e-mail: press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар