Қазақстанда банк секторын реттеудің халықаралық стандарттарын енгізу аяқталуда: Алматы қаласы, 24 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстанда банк секторын реттеудің халықаралық стандарттарын енгізу аяқталуда

2023 жылы Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік Банк өткізген, ұлттық үйлестірушісі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) болған Қазақстанның қаржы секторын бағалау бағдарламасы (Financial Sector Assessment Program, FSAP) Қазақстандағы банктерді реттеу мен қадағалаудың Базель комитетінің банктерді тиімді қадағалаудың 29 қағидатына сәйкес келетінін растады.  Бұл туралы брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

«ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің бағалауына сәйкес Қазақстандағы банктерді реттеу мен қадағалау 29 Қағидаттың 22-сіне толық немесе айтарлықтай сәйкес келеді, ішінара 7 Қағидатқа сәйкес келеді. Базель қағидаттарына сәйкессіздіктер анықталған жоқ. ХВҚ мен Дүниежүзілік Банктің сарапшылары SREP әдіснамасы бойынша тәуекелге бағдарланған қадағалауды, активтер сапасын тұрақты бағалауды (AQR) және қадағалап стресс-тестілеуді енгізуді қоса алғанда, Қазақстандағы тәуекелге бағдарланған қадағалауды дамытуда елеулі түрдегі прогрессті атап көрсетті. Аталған шаралар жыл сайын өткізіледі және қадағалап бағалау процесін толықтырып отырады. Халықаралық сарапшылар Қазақстанның қаржы секторының орнықтылығын растады»,-деп атап өтті ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Базель комитетінің қағидаттары қадағалау органдарының құқықтық базасы мен өкілеттіктері, тәуелсіздік пен қадағалау ресурстары, ұлттық және халықаралық органдармен ынтымақтастық, банктердің қызметін лицензиялау және бақылау, тәуекелдерді басқару, капитал мен өтімділіктің жеткіліктілігі, проблемалық активтерді реттеу шаралары және өзара байланысты тараптармен мәмілелер сияқты банк секторын реттеу мен қадағалаудың негізгі бағыттарын қамтиды.

«Халықаралық мамандар Базель 3 стандарттарының енгізілуін, оның ішінде жүйелік, консервациялық және контрциклді капитал буферлері мен өтімділік (LCR) пен қорландырудың (NSFR) жаңа стандарттарының енгізілуін ерекше атап өтті. FSAP миссиясы капитал мен өтімділіктің жекелеген талаптарын Базель стандарттарына сәйкес келтіруді аяқтауды, оның ішінде банк конгломераттарына шоғырландырылған қадағалауды енгізуді аяқтауды ұсынды. Агенттік шоғырландырылған қадағалау бойынша құқықтық база дайындады – жыл соңына дейін конгломераттардың капиталына қойылатын талаптарды енгізу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйелеріне және корпоративтік басқаруға қойылатын талаптарды енгізу жөніндегі қаулылардың жобалары бекітілетін болады»,-деді Агенттік Төрағасы.

2023 жылғы желтоқсанда Агенттік банктердің капиталына жеке қадағалау үстемеақысын енгізді, ол SREP және AQR нәтижелерін 0%-дан 6%-ға дейінгі мөлшерде және қадағалап стресс-тестілеу нәтижелерін 0%-дан 3%-ға дейінгі мөлшерде ескереді. Үстемеақы Агенттік тарапынан тәуекелдерді қадағалап бағалауды көрсететін банктің қосымша капиталын білдіреді.

«Банктердің орнықтылығын арттыру үшін жүйелік емес банктер капиталының консервациялық буферіне қойылатын талап 2,0%-дан 2,5%-ға дейін арттырылды, ол бұзылған жағдайда дивидендтер төлеуге шектеулер енгізіледі. 2024 жылдың соңына дейін Агенттік жаңа пруденциялық норматив – 3% деңгейінде леверидж коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.

Банктердегі тәуекелдерді басқару процестерінің тиімділігін арттыру үшін 2022 жылы капиталдың жеткіліктілігін (ICAAP) және өтімділікті (ILAAP) ішкі бағалау әдіснамасы бекітілді. Аталған әдіснама шеңберінде банктердің ішкі (экономикалық) капиталының болуы мен оны есептеуге қойылатын талап енгізілді, оның мақсаты банк қызметіне тән барлық қабылданған және әлеуетті тәуекелдерді өтеу болып табылады. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап банктер Базель стандарттарына сәйкес барлық елеулі тәуекелдерді өтеу үшін қажетті ішкі (экономикалық) капиталды есептеуді жүзеге асырады»,-деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

FSAP бағдарламасының қорытындысы бойынша сарапшылар жұмыс істемейтін кредиттердің (NPL) кеңейтілген анықтамасын енгізуді, банктердің өзара байланысты тараптармен, оның ішінде стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдармен (САБҰ) мәмілелер жасауын қадағалауды қатаңдатуды ұсынды. Ағымдағы жылы Агенттік тиісті заңнамалық түзетулер әзірлейді.

Тұтастай алғанда, жоғарыда көрсетілген реформаларды іске асыру Қазақстан қаржы секторының орнықтылығын одан әрі арттыру мақсатында банк секторын реттеу мен қадағалауды Базель стандарттарына сәйкес келтіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар