Қазақстанда әйелдер 61 жаста, ерлер 63 жаста зейнетке шығады. Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге өтінішті ХҚКО арқылы немесе электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады.
ХҚКО-ға жүгінген кезде келесі құжпттарды ұсыну кажет:
· Жеке куәлік (азматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, қандас куәлігі);
· Неке туралы куәлік (тегін ауыстырған жағдайда);
· 1998 жылғы 1 қантарға дейін әзірленген өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар ( еңбек кітапшасы, мұрағат мекемелерінің анықтамалары);
· Банк шоты туралы мәліметтер;
· Фото 3*4 (зейнетақы куәлігі үшін).
Сонымен қатар, болған жағдайда келесі құжаттар ұсынылады:
· Білім туралы құжат;
· Әскери билет немесе қорғаныс істер жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
· Балалардың туу туралы куәліктері (әйелдер үшін);
· НҚА талаптарына сәйкес басқа құжаттар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -