Қазақстанда КЭС түрлері бойынша аукциондық сауда-саттық басталды
2024 жылы 23 қыркүйекте ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт КЭС құрылысына арналған жобаларды іріктеу бойынша 2024 жылғы алғашқы ЖЭК аукциондық сауда-саттығы өтті.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 34 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 700 МВт құрады. Күн электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша аукцион кезіндегі 2024 жылғы шекті аукциондық баға 34,61 теңге/кВт/сағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 34,61 –15.93 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) аралығын қамтыды.
Аукцион қорытындысы бойынша мына компания жеңімпаз деп танылды:
«Дамона» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 15,93 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысында орналастыру жоспарлануда.Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы» ЗТБ, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ, «Атамекен» ҰКП, Азия даму банкі, USAID және АХҚО бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын атап өтеді.
ЖЭК бойынша аукцион жеңімпаздарының тізімімен аукционды ұйымдастырушының https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 24 қыркүйегіне жоспарланған
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -