Қазақстандағы ең үлкен ауылда мыңнан аса жарық шамдар орнатылып, жаңа үйлер салынуда
Маңғыстау облысында орналасқан Бейнеу ауылы - еліміздегі ең үлкен ауыл болып саналады. 57 мың тұрғыны бар ауылдың жалпы аумағы 51 мың га. Мұндағы 154 көшенің 66-на асфальт төселген.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 127 көше жарықтандырылды. Қазіргі таңда тозығы жеткен 553 дана электр бағанасы ауыстырылуда. Жоба құны 108 млн теңге.
Сонымен қатар, ауыл көшелеріне 589 дана жарық шам орнатылды. Алдағы уақытта Бейнеу ауданына қарасты басқа да елді мекендердегі көше жарық шамдарын кезең-кезеңімен жаңалау жоспарланып отыр.
Биыл ауылда 18 жаңа қоғамдық көлік пайдалануға берілді. Жолаушылар автобустары қозғалыс кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын толық қамтамасыз ететін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Әрі халықаралық экологиялық стандарттарға сай жасалған, қоршаған ортаға зиянын тигізбейді. Электронды жол ақысын төлеу жүйесі де бар.
Бейнеуде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған жаңа үйлер салынып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 284 млн. теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 20 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғын үй алу кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға беріледі.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -