Қазақстанда "Үздік педагог" байқауы басталды
Білім күні қарсаңында Қазақстанда "Үздік педагог" байқауы жарияланды. Оған мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.
Байқау үш кезеңнен тұрады:
- аудандық, қалалық деңгей (8–21 тамыз);
- облыстық деңгей (22 тамыз – 10 қыркүйек);
- республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан).
Алғашқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған педагогтар республикалық деңгейге өтеді.
"Бұл 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Бүгінгі таңда 700-ге жуық оқытушыға "Үздік педагог" атағы берілді. Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар мұғалімдер атаққа үміткер бола алады. Бұл балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі, оның жұмысының тиімділігі мен кәсіби шеберлігі ескеріледі", – деді ҚР Білім Министрлігі орта білім Комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Конкурс лауреаттарына 3 млн 692 мың теңге көлемінде сыйлықтар мен төсбелгілер табыс етіледі.
Қосымша ақпарат ҚР Білім министрлігінің сайтында орналастырылған.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталында қабылданады.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -