ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨКПАРШЫЛАР КӨКБӨРІ ОЙЫНЫНА ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР: Түркістан облысы, 15 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨКПАРШЫЛАР КӨКБӨРІ ОЙЫНЫНА ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Алдағы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында қазақстандық көкпаршылар Алматы облысында көкпар және көкбөрі ойындары бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

«ДКО аясында көкпар және көкбөрі ойындары өтеді. Қазір спортшылардың дайындықтары жақсы. Басты қарсылас ретінде Қырғызстан мен Өзбекстанды айтар едім. Егер біз көкпардан жеңісімізге сенімді болсақ, көкбөрі ойынынан мүмкіндіктеріміз тең дәрежеде. Біраз жылдан бері көкбөрі ойнаған жоқпыз. Десе де жеңіс үшін барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз» - , деді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев.

Көкпардан ұлттық құрама мүшесі Наурызбай Қалтаев байрақты бәсекеге дайындық жайлы және көкпар мен көкбөрінің айыырмашылықтары турасында айтып берді.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына деген дайындығымыз жоғары деңгейде өтіп жатыр. Екі спорттың айырмашылығы тайм санында – көкбөріде үш тайм ойналады, ал көкпарда екеу. Көкбөріде қазандыққа, ал көкпар жерге сызылған шеңберде ойналады», - деп атап өтті Наурызбай Қалтаев.

Көкбөрі сайысы бойынша әр командадан 12 қатысушы болады. Спортшылардың дайындығы үшін Көкпар федерациясы тәжірбиелі кеңесшілерді тартқан. Оқу-жаттығу жиындары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Еске сала кетейік, Республикалық «Көкпар» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.  Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Аударыспақ», «Бәйге», «Теңге ілу», «Садақ ату», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар