Қазақстандықтар ЕРДО байланыс орталығы арқылы 140 мыңнан астам консультация алды: Қарағанды ​​облысы, 05 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстандықтар ЕРДО байланыс орталығы арқылы 140 мыңнан астам консультация алды

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (ЕРДО) базасындағы Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығы 2024 жылдың басынан бері Қазақстан азаматтарына 140 мыңнан астам консультация өткізді.

Байланыс орталығының қызметкерлері әлеуметтік-еңбек саласының барлық мәселесі бойынша тегін ақпараттық-кеңес беру қызметтерін, сондай-ақ aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер, enbek.kz электрондық еңбек биржасы, hr.enbek.kz еңбек ресурстары, skills.enbek.kz онлайн оқыту, business.enbek.kz кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, migration.enbek.kz көші-қон процестері бойынша портал пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсетеді.

Бұдан басқа, байланыс орталығынан «Е-собес» ақпараттық жүйелерінің, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің, Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқорының жұмыс принциптері бойынша ақпарат алуға болады.

Өтініштер көрсетілген порталдарда мәтіндік форматта және  бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады. Айта кету керек, нөмірді тергеннен кейін өтініш берушіні «Кеңес» роботымен байланыстырады, ол қазақ және орыс тілдерінде сондай-ақ қазақ-орыс тілдерін араластырып сөйлеп тұрғанын ажырата алатындай етіп әзірленген. Байланыс орталығының операторымен қосылу үшін негізгі сөздерді айту қажет, атап айтқанда: атаулы көмек, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, жұмысқа орналастыру, еңбек шарттары зейнетақы, жәрдемақылар, оңалту, санаторий және т. б. Немесе өз сұрағыңызды анық және нақты айтыңыз, мысалы, «Қате енгізілген еңбек шартын қалай жоюға болады?», «Курстардың авторы болу үшін не істеу қажет?», «Мемлекеттік грантты қалай алуға болады?» және т. б.

Байланыс орталығына көбінесе зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар, қызмет немесе тауар жеткізушілер, қамқоршылар, жұмыссыздар, әлеуметтік көмек алушылар, жұмыс іздеушілер, жұмыс берушілер жүгінеді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Карагандинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар