Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2024 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі туралы
Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен «Банк ЦентрКредит» АҚ (+12,3%), «Kaspi.kz» АҚ (+4,7%) және «Қазатампром» ҰАК» АҚ (+2,4%) KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін акциялары бағасының өсуі есебінен 2024 жылғы мамырда 1,4%-ға немесе 424,4 млн теңгеге (2024 жылдың басынан бастап 15,6%-ға өсу) азайып, 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 30,9 трлн теңгені құрады.
2024 жылғы мамыр айында акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «ForteBank» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Эйр Астана» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің азаюы есебінен бір айда 47,6%-ға немесе 10,2 млрд теңгеге азайып, 11,3 млрд теңгені құрады.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің 100 түрлі акциялары болды.
2024 жылғы мамырда KASE индексі 0,5%-ға 5 038,6 тармаққа дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 20,3%-ға өсті).
«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 46 түрлі акция, 55 шетелдік эмитенттің 12 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда 37,5%-ға немесе 0,8 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы мамырда 1,4 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2024 жылғы мамырда 13,8 трлн теңгеге дейін 1,9%-ға немесе 257,9 млрд теңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 2,4%-ға өсу).
2024 жылғы мамырда KASE корпоративтік облигацияларымен сауда-саттық көлемі бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен өткен аймен салыстырғанда 4,5 есе немесе 387,6 млрд теңгеге 499,4 млрд теңгеге дейін өсті. 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 116 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 431 шығарылымы болды.
2024 жылғы мамырда корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 461,3 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы сәуірдегі көрсеткіштен 9,4 есеге немесе 412,2 млрд теңгеге көп. Өсу негізінен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің корпоративтік облигацияларды шығаруымен байланысты.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2024 жылғы мамырда 0,8%-ға немесе 24,7 трлн теңгеге дейін 201,4 млрд теңгеге азайды (2024 жылдың басынан бастап 3,5%-ға өсті).
KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша 694,4 млрд теңгені құрап, бір айда 12,1%-ға немесе 95,2 млрд теңгеге азайды.
МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 29,5%-ға немесе 182,0 млрд теңгеге 434,1 млрд теңгеге дейін азайды. Оның ішінде 33,3 млрд теңгені Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының және Астана қ. әкімдіктері (мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында) тартты. Қаржы нарығы 14 облигациялар шығарылымын орналастырып, өтеуге табыстылығы жылдық 11,70 – 12,94%-ды құрайтын 400,8 млрд теңгені тартты.
Ұжымдық инвестициялау нарығында 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 53 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 24 аралық, 28 жабық және 1 ашық пай қоры.
Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер 2024 жылғы 1 мамырда 3,5%-ға немесе 9,5 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 283,4 млрд теңгені құрады. 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 249,3 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 88,0%-ын құрады.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 40 брокер мен дилер (16 банк және 24 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.
2024 жылғы мамырда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 1,5%-ға немесе 41,7 мыңға ұлғайып, 2 843,7 мың шотты құрады, оның ішінде:
- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 710,4 мың қосалқы шотқа дейін 1,5 мыңға немесе 0,2%-ға ұлғайды (2024 жылдың басынан 13,9 мыңға немесе 2,0%-ға өсті);
- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттар саны 2 133 мың шотқа дейін 40,2 мыңға немесе 1,9%-ға өсті (2024 жылдың басынан 384,3 мыңға немесе 22,0%-ға өсті).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері негізінен 2024 жылдың мамыр айында бағалы қағаздар портфелінің өсуі есебінен 1,9%-ға немесе 13,0 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 693,2 млрд теңгені құрады (2024 жылдың басынан бастап 1,4%-ға төмендеген). Міндеттемелер 218,7 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға немесе 4,3 млрд теңгеге айтарлықтай ұлғайды (2024 жылдың басынан 8,9%-ға азайды). Меншікті капитал бөлінбеген пайданың және жарғылық капиталдың өсуінің нәтижесінде 474,5 млрд теңгеге дейін 1,8%-ға немесе 8,6 млрд теңгеге өсті (2024 жылдың басынан 2,5%-ға ұлғайды).
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -