Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2024 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы
Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін «Банк ЦентрКредит» АҚ (+9,9%), «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (+5,8%) және «Қазақтелеком» АҚ (+5,5%) акциялары бағасының өсуі есебінен 2024 жылғы шілдеде 1,9%-ға немесе 0,6 трлн теңгеге (2024 жылдың басынан бастап 23,1%-ға өсу) ұлғайып, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 32,9 трлн теңгені құрады.
KASE индексі 2024 жылғы шілдеде 1,6%-ға 5 234,4 тармаққа дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 25,0%-ға өсті).
Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «АҚ Алтыналмас» АҚ жай акцияларын сатып алу бойынша мәмілелердің және «Алтай Ресорсиз» АҚ және «Кселл» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 5,4 есеге немесе 44,8 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы шілдеде 54,9 млрд теңгені құрады.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің 100 атауының акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді.
«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 46 түрлі акция, 55 шетелдік эмитенттің 12 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі негізінен Apple Inc., NVIDIA Corp. және Tesla, Inc. акцияларының сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 3,7 есеге немесе 5,9 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы шілдеде 8,1 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2024 жылғы шілдеде негізінен корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 14,1 трлн теңгеге дейін 0,4%-ға немесе 63,3 млрд теңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 4,7%-ға өсу).
2024 жылғы шілдеде KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің ұлғаюы есебінен өткен аймен салыстырғанда 3,5 есеге немесе 582,5 млрд теңгеге 812,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 118 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 452 шығарылымы болды.
2024 жылғы шілдеде корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі негізінен «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Bereke Bank» АҚ корпоративтік облигацияларын орналастыру есебінен 2024 жылғы маусымдағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,7 есеге немесе 555,8 млрд теңгеге ұлғайып, 761,8 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің өсуіне, сондай-ақ жекелеген МБҚ шығарылымдары шығарылған шетел валюталарына қатысты теңге бағамының әлсіреуіне байланысты 2024 жылғы шілдеде 5,0%-ға немесе 1,3 трлн теңгеге 26,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 12,1%-ға өсу).
KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 18,9%-ға немесе 175,3 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша 1,1 трлн теңгені құрады.
МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 18,5%-ға немесе 152,5 млрд теңгеге 978,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде 80,1 млрд теңгені Астана, Шымкент қ. әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тартты. ҚР Қаржымині 14 облигациялар шығарылымын орналастырып, өтеуге табыстылығы жылдық 13,00 – 13,50%-ды құрайтын 898,5 млрд теңгені тартты.
Ұжымдық инвестициялау нарығында 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 54 нвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 25 аралық, 28 жабық және 1 ашық пай қоры.
Инвестициялық пайлар нарығындағы басқарудағы активтер негізінен инвестициялық қордың пайларын сатып алуды жүзеге асыру мақсатында жекелеген инвестициялық қордың бағалы қағаздарын сату есебінен 2024 жылғы шілдеде 3,9%-ға немесе 11,6 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 288,3 млрд теңгені құрады. 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 252,5 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 88,0%-ын құрады.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 40 брокер мен дилер (16 банк және 24 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.
2024 жылғы шілдеде Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 2,7%-ға немесе 77,1 мыңға ұлғайып, 2 984,6 мың шотқа жетті, оның ішінде:
- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны соңғы 12 ай ішінде аталған шоттарда бағалы қағаздардың болмауына орай жекелеген қолданылмайтын клиенттік шоттарды (талап ету құқықтарын) жабуға байланысты 682,0 мың қосалқы шотқа дейін 22,2 мыңға немесе 3,2%-ға азайды (2024 жылдың басынан 14,5 мыңға немесе 2,1%-ға азаю);
- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттар саны 2 303 мың шотқа дейін 99,3 мыңға немесе 4,5%-ға өсті (2024 жылдың басынан 553,6 мыңға немесе 31,7%-ға өсу).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері негізінен мемлекеттік бағалы қағаздарды жекелеген қатысушылардың сатып алуы есебінен 2024 жылғы шілдеде 2,2%-ға немесе 15,7 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 726,6 млрд теңгені құрады (2024 жылдың басынан бастап 3,4%-ға ұлғаю). Міндеттемелер репо операцияларының 8,9 млрд теңгеге ұлғаюы және 6,2 млрд теңгеге қарыз алу себебінен 239,4 млрд теңгеге дейін 4,3%-ға немесе 10,0 млрд теңгеге өсті (2024 жылдың басынан 0,3%-ға азайды). Меншікті капитал бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде 1,2%-ға немесе 5,7 млрд теңгеге 487,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан 5,3%-ға өсу).
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -