Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжармен кездесу өтеді
30 мамыр күні сағат 14:00-де С. Сейфуллин атындағы Қарағанды қазақ драма театрының кіші залында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, сценарист, актер Нұрлан Санжармен кездесу өтеді. Ол қазақстандық балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" фильмінде басты рөлді сомдаған еді.
Биыл Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толады. Бұл күн ЮНЕСКО оқиғаларының тізіміне енгізілген. Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы да бұл оқиғаны назардан тыс қалдырмады.
"30 мамырда бала кезінде аты аңызға айналған "Менің атым Қожа"фильмінде басты рөлді сомдаған актермен кездесу өтеді. Картина "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген үздік балалар киносы деп танылды. Ол 1967 жылы Халықаралық Канн кинофестивалінде арнайы сыйлыққа ие болған. Нұрлан Санжар – белгілі кинодраматург, жазушы, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі. Оның қаламынан "Періште", "Қызыл қар", "Жошы- күтпеген қонақ" және "Бату хан"романдары туған. Нұрлан Санжардың "Періште" әңгімесінің негізінде балалар сериясы түсірілген. Ол Ялта телевизиялық фильмдер фестивалінде арнайы жүлдемен және Мәскеу телефорумының жүлдесімен марапатталған. Нұрлан Санжар сценарист, ғалым, педагог ретінде сұранысқа ие. Ол көптеген ғылыми еңбектердің авторы, түрлі ғылыми-теориялық және практикалық конференциялардың қатысушысы, "Шығармашылық шеберхана немесе коммуникативтік тәжірибелер туралы диалогтар" монографиясының авторы, – деді кітапханада.
Кездесу барысында "Мен – Қожаның егізімін"облыстық фестивалінің жеңімпаздары шеру өткізеді. Кездесуге қатысушылар Нұрлан Санжарға сұрақтар қойып, қолтаңба ала алады.
Балқашта жазушымен кездесу 31 мамырда өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -