Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының жұмысы туралы
Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының аясында Клубтың кезекті отырысы өткізілді.
Назарбаев Университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Эльмира Нұрланқызы Оразалиева «Мемлекеттік тіл саясаты және халықаралық тәжірибе» деген тақырыпта Агенттік қызметкерлері үшін дәріс өткізді.
Сөз сөйлеу барысында спикер ең алдымен тіл туралы өзекті деректерге, оның ішінде еліміздегі қазақ тілінің мәртебесіне кеңінен тоқталды. Қазақ тілін дамытудың алғышарттары, оның дамуын қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілер, тілдің меңгерілу деңгейі, ресми қолданылу ерекшеліктері, тілді дамыту жолдары туралы қызықты мәліметтермен таныстырды.
Сонымен бірге әлемдегі тілдік жағдай туралы қысқаша шолу жасалды.
Отырыс соңында спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -