Азаматтарды қабылдау орталығында «Қызмет алушылар күні» өтті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынысы бойынша 2024 жылғы 23 шілдеде Шахтинск қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында «Қызмет алушылар күні» өтті. Іс-шара барысында келушілер халықтың көші-қон, жер қатынастары, сәулет, кәсіпкерлік, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы жауап ала алды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 19 адам кеңес алды.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -