Азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігі институтының құрылғанына - 11 жыл: Астана қаласы, 02 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігі институтының құрылғанына - 11 жыл

2013 жылғы 2 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалардың алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

ҰАТ миссиясы азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алуды көздейді. Заңды қызметті жүзеге асыру кезінде ҰАТ қатысушысы тәуелсіз тұлға болып саналады. Оның жұмысына ешкімнің араласуға құқығы жоқ.

Ұлттық алдын алу тетігінің қызметі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің және ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының өзара іс-қимылын білдіретін «Омбудсмен+» қағидатына негізделген.

Бүгінгі күні ҰАТ-тың146 мүшесі бар, олар құқық қорғаушылар, дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған.Қазақстанда Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің жұмыс істеу кезеңінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, ҰАТ мандат берген мекемелердің саны – 2013 жылдан бері 597-ден 3764-ке дейін жетіп, 6 есеге өсті, олар 5 мыңнан астам рет жабық мекемелерге барды.

Тек 2023 жылы ҰАТ қатысушылары мекемелерге 461 рет барып, нәтижесінде 3 мыңнан астам ұсынымдар енгізді.

Өңірлердегі ҰАТ қатысушыларына Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері көмектеседі. Олар тек 2023 жылы 606 мекеме мен ұйымға барған.Бірлескен жұмыстың нәтижесінде былтыр 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылғанын атап өткенжөн. Қазақстан азаптауды болдырмау және ҰАТ мандатын кеңейту бойынша қабылдап жатқан шараларды Азаптауларға қарсы комитет 2023 жылы жоғары бағалады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

2013 жылғы 2 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалардың алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

ҰАТ миссиясы азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алуды көздейді. Заңды қызметті жүзеге асыру кезінде ҰАТ қатысушысы тәуелсіз тұлға болып саналады. Оның жұмысына ешкімнің араласуға құқығы жоқ.

Ұлттық алдын алу тетігінің қызметі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің және ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының өзара іс-қимылын білдіретін «Омбудсмен+» қағидатына негізделген.

Бүгінгі күні ҰАТ-тың146 мүшесі бар, олар құқық қорғаушылар, дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған.Қазақстанда Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің жұмыс істеу кезеңінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, ҰАТ мандат берген мекемелердің саны – 2013 жылдан бері 597-ден 3764-ке дейін жетіп, 6 есеге өсті, олар 5 мыңнан астам рет жабық мекемелерге барды.

Тек 2023 жылы ҰАТ қатысушылары мекемелерге 461 рет барып, нәтижесінде 3 мыңнан астам ұсынымдар енгізді.

Өңірлердегі ҰАТ қатысушыларына Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері көмектеседі. Олар тек 2023 жылы 606 мекеме мен ұйымға барған.Бірлескен жұмыстың нәтижесінде былтыр 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылғанын атап өткенжөн. Қазақстан азаптауды болдырмау және ҰАТ мандатын кеңейту бойынша қабылдап жатқан шараларды Азаптауларға қарсы комитет 2023 жылы жоғары бағалады.

Аймақтағы жаңалықтар