Азия даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы консультациялық миссиясы шеңберінде өкілдерімен кездесу
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев Азия даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы консультациялық миссиясы шеңберінде АДБ өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «мұздықтардан фермаларға» (G2F) жобасы аясындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілері талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, СОР29-да Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Азия Даму Банкі, Жасыл климаттық қоры, мұздықтар және трансшекаралық ынтымақтастық жөніндегі әріптестік туралы Декларацияға қол қойды.
Мәселен, 2025 жылғы 30-31 қаңтарда Астана қаласында қаржыландыру тетіктерін, басым инвестицияларды іріктеу критерийлерін және табиғи ресурстарды басқарудың инновациялық тәсілдерін енгізуді талқылауға арналған семинар өтеді. Мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми топтардың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысады деп күтілуде.
Семинар қатысушыларға тәжірибе алмасу, инновациялық шешімдерді талқылау және экологиялық тұрақтылықты жақсартуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу үшін платформа ұсынады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -