Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет Қарағандыда өнер көрсетеді: Қарағанды ​​облысы, 13 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет Қарағандыда өнер көрсетеді

Скрипканың жанды дыбысы, виолончельдің ұмытылмас аккордтары, альттің күңгірт тембрі – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет Қарағандыда концерт береді. Музыкалық кеш 18 қыркүйек сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында өтеді.

Ішекті квартет отыз жылдан астам уақыт бойы музыка әуесқойларын қуантып келеді: ол 1988 жылы құрылған. Ұжым - "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының, "Ерен еңбегі үшін" үкіметтік наградасының иегері.

Оркестр құрамында Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка), Алексей Лебедев (екінші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт) және Ернар Мыңтаев (виолончель) бар.

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев (виолончель). 1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет құрамында ол құрылған күннен бастап өнер көрсетіп келеді.

Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка) – халықаралық скрипкашылар байқауының лауреаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 2002 жылдан бастап Мемлекеттік ішекті квартет құрамында.

Алексей Лебедев (екінші скрипка) – халықаралық байқаулардың лауреаты. Н. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясын бітірген. 2008 жылдан бастап квартет құрамында.

Бекзат Сайлаубайұлы (альт) – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 2014 жылдан бастап ұжым құрамында.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Карагандинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Скрипканың жанды дыбысы, виолончельдің ұмытылмас аккордтары, альттің күңгірт тембрі – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет Қарағандыда концерт береді. Музыкалық кеш 18 қыркүйек сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында өтеді.

Ішекті квартет отыз жылдан астам уақыт бойы музыка әуесқойларын қуантып келеді: ол 1988 жылы құрылған. Ұжым - "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының, "Ерен еңбегі үшін" үкіметтік наградасының иегері.

Оркестр құрамында Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка), Алексей Лебедев (екінші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт) және Ернар Мыңтаев (виолончель) бар.

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев (виолончель). 1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет құрамында ол құрылған күннен бастап өнер көрсетіп келеді.

Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка) – халықаралық скрипкашылар байқауының лауреаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 2002 жылдан бастап Мемлекеттік ішекті квартет құрамында.

Алексей Лебедев (екінші скрипка) – халықаралық байқаулардың лауреаты. Н. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясын бітірген. 2008 жылдан бастап квартет құрамында.

Бекзат Сайлаубайұлы (альт) – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 2014 жылдан бастап ұжым құрамында.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.

Аймақтағы жаңалықтар