БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨҢІРЛІК ГЛЯЦИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ: Астана қаласы, 09 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨҢІРЛІК ГЛЯЦИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

2024 жылғы 3 шілдеде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының қызметімен танысты.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Қазақстан Республикасына сапары аясында Алматы қаласында «UN Plaza» ғимаратында БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғаларымен және қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стор, сондай-ақ Орталықтың директоры Такир Балықбаев және Орталықтың халықаралық байланыстар бөлімінің жетекшісі Александр Егоров қатысты.

Кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысына Орталықтың қызметі, басқару құрылымы және ғылыми нәтижелері туралы баяндалды.

Орталық 2020 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен құрылған. Орталықтың қызметі Іле Алатауындағы биік таулы станциялар негізінде криосфераны (қар жамылғысы, мұздықтар, жер асты мұздары) бақылаудан және гляциологиялық мәселелер бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізуден бастап, Орталық Азия елдерінің мамандарымен бірлескен экспедициясын сәтті өткізуге, аймақтық және халықаралық ғылыми конференцияларды ұйымдастыру және қатысу секілді кең ауқымды істерді қамтиды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Орталықтың қызметін жоғары бағалады.

«Мен сіздердің барлығын тек мұздықтардың өзін, бүкіл қоршаған ортаны ғана емес, сонымен қатар халықтың өмір сүру жағдайларын және оларды қорғау жолдарын кешенді зерттеп отырғаныңызды көріп отырмын. Сондықтан бұл біздің барлық қызығушылықтарымызға лайық орталық және мен сіздердің жобаларыңызды орындауда сәттілік тілеймін», - деді Антониу Гутерриш.

Орталық ғалымдарының ғылыми нәтижелері:

✔ Қазақстанның трансшекаралық өзен бассейндеріндегі және жалпы Жоғары Азия тауларындағы (Гималай мен Тибет тау үстіртін қоса алғанда) мұздықтардың көлемі сызықты түрде азаюда;

✔ өзен ағынының қалыптасу аймағындағы максималды қар қоры бақылаудың барлық кезеңінде тұрақты;

✔ өзен ағынының қалыптасу аймағының су балансының кіріс бөлігі бақылаудың барлық кезеңінде тұрақты;

✔ су тапшылығының артуы халық санының өсуіне байланысты суға сұраныстың артуына, аймақ елдерінің экономикалық даму қажеттіліктеріне және нашар ұсталған суару жүйелері мен су ресурстарын басқарудың жетілмегендігіне байланысты.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар