БҚО-да 50 мыңнан астам тұрғын «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Орал қаласында 10 шағын аудан аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті. Акция жаңа шағын ауданды көгалдандыру және абаттандыру, қоршаған ортаны қорғауға тұрғындарды тарту, қоғамда экологиялық мәдениет пен сана қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.Экологиялық акцияның бастамашылары Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Жасыл Ел» облыстық штабы, жастар ресурстық орталығының еріктілері болды. Акция барысында 250-ден астам көшет отырғызылды.Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ораз қатысып, өз сөзінде акцияның барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеясының экологиялық ойлауды қалыптастырудағы және елді абаттандырудағы маңыздылығын атап өтті. - Біз осы акциямен шектелмей экологиялық бастаманы белсенді дамытуды жоспарлап отырмыз. Әрбір осындай шара өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша біздің өміріміздің бір бөлігіне айналуы маңызды, әрбір адамның өз жеріне, еліне сүйіспеншілікпен қарауы маңызды. Бізді қоршаған орта ғана емес, біздің ойларымыз бен іс-әрекеттеріміз де таза болуы керек. Бұл «Таза Қазақстан» акциясының терең мәні, - деп атап өтті «Жасыл ел» облыстық штабының басшысы Қ.Балмолды.Сонымен қатар, республикалық экологиялық акцияны облыс аудандары да қолдады. Казталов ауданында эко-квест, Бөкей ордасы ауданында «Біз таза ауыл үшін», Теректі ауданында «Таза ауыл» акциялары өткізілді. Акция облыстың 50 мыңнан астам тұрғынын қамтыды.Жалпы, республикалық акция басталғаннан бері 231 саябақ пен сквер аумақтарында тазалау жүргізілді, 48 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды, 1221 әлеуметтік, 3307 кәсіпкерлік және өнеркәсіптік нысандар, 525 тарихи-мәдени ескерткіштер жиналды. Экологиялық акцияға 1252 бірлік техника жұмылдырылып, 52683 тонна қоқыс шығарылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -