БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде
Батыс Қазақстан облысының 5 ауданында су тасқынынан зардап шеккен 401 отбасыға арналған үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Су тасқынынан зардап шеккен 401 баспананың ірге тасы жоспарға сәйкес уақытында қаланып, бүгінде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Жалпы құрылыс жұмыстарына 900-ден астам құрылысшы тартылған. Қажетті техникалар мен құрылыс материалдары жеткілікті деңгейде.
Бүгінде құрылыс жұмыстары Бәйтерек ауданында – 45%-ға, Сырым ауданында – 40%-ға, Бөрлі ауданында – 35 %-ға, Қаратөбе ауданында – 32 %-ға, Теректі ауданында – 32 %-ға атқарылған. Салынып жатқан үйлер жоспарға сәйкес 1 қыркүйекке дейін аяқталатын болады.
Облыс бойынша 401 үйдің, атап айтқанда Теректі ауданында – 131, Сырым ауданында – 114, Қаратөбе – 90, Бөрлі – 60 және Бәйтерек ауданында – 6 үй салынып жатыр.
Сонымен қатар, аудандарда шығындарды өтеу жөніндегі комиссияның қорытындысына сәйкес, баспанасы жарамсыз болып табылған отбасыларға тұрғын үйлерді сатып алу жұмыстары да іске асырылуда.
Бүгінде облыстың Бөрлі ауданында – 66 үй, Теректі ауданында – 5 үй, Бәйтерек ауданында – 2 үй сатып алынды.
Құрылыс сапасы мен оның уақытылы аяқталуы облыс әкімінің бақылауында.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -