БҚО Сырым және Бәйтерек аудандарының су тасқынан зардап шеккендер тұрғындарына жаңа баспана берілді
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын. Осы ретте, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан баспанасы «жарамсыз» деп танылған жандарға пәтерлер сатып алынып, жаңадан 775 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.
Күні-кеше облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданында жаңадан бой көтерген алғашқы 60 үйдің үйдің кілтін тұрғындарға табыс етті.
Бүгін де Сырым ауданында 14 үй және Бәйтерек ауданында 6 пәтер жоспарлы мерзім ішінде салынып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға берілді.
Тұрғын үйлердің кілттерін табыстау рәсіміне Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов қатысып, қоныс иелерін құттықтады.
«Су тасқынынан зардап шеккендерге заң аясында жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бүгінде тұрғындарға 100 АЕК біржолғы әлеуметтік көмек және дүние-мүліктері үшін 150 АЕК төлемдері толығымен өтелді. Сонымен қатар су тасқыны зардабын тигізген үйлердің 90 пайызынан астамына тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілді. Ендігі кезекте, құрылыс жұмыстары аяқталған баспаналардың алғашқы легі халық игілігіне пайдалануға берілуде. Тамыздың алғашқы екі күнінде 80 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындарға табыс етілді», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Жаңа пәтерлер «Nostrum Oil and Gas» компаниясы мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының демеушілігімен салынды.
Бәйтерек ауданының тұрғыны Жұмажан Жұрұмбаев көктемгі су тасқыны кезінде жалғыз баспанасы суға кеткен. Араға 4 ай уақыт салып, жаңа баспанасына қол жеткізгеніне қуанышты.
«Мемлекеттің қолдауының арқасында барлық қиындықтар артта қалды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына алғысымызды білдіреміз. Далада қалмадық. Алдағы уақытта тек жақсылықтар бола берсін», - деді Жұмажан Жұрұмбаев.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -