Бірқатар маңғыстаулық азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды
13 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен салтанатты түрде марапаттады.
«Парасат» орденімен еңбек ардагері Бектұр Төлеуғалиев, «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Қосай Жұбаниязов, жеке кәсіпкер Гүлмира Қуаншалиева марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» төс белгісі «Бұрғылау» ЖШС еңбек және жалақы бөлімінің басшысы Тұрған Ахметоваға, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директордың бірінші орынбасары Нұржан Әбдірахмановқа, «Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық – драмалық театры» МКҚК әртісі Майра Бақбердиеваға, еңбек ардагері Өрендік Нұрбердіхановқа табысталды. «Шапағат» медалімен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» ӨБ басшысының орынбасары Жолдасбек Есжанов марапатталды.
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай марапат иелерін құттықтап, азаматтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
- Егемен еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Бұл марапат — сіздердің көп жылғы еңбектеріңіздің, елге деген адал қызметтеріңіздің нәтижесі. Сіздердің табыстарыңыз баршамызға үлгі. Марапаттарыңыз құтты болсын, әрі қарай да жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер! – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Айта кетейік, 25 қазан - Республика күніне орай өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 42 маңғыстаулық ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -