«Бір күндік клиника»: Ақмола облысында жүкті әйелдер 40 минут ішінде диагностикадан өте алады: Ақмола облысы, 31 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Бір күндік клиника»: Ақмола облысында жүкті әйелдер 40 минут ішінде диагностикадан өте алады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығына барып, мекеменің жұмысымен танысты және ұжыммен кездесіп, науқастармен де тілдесті.

Перинаталдық орталықта «Бір күндік клиника» атты республикалық пилоттық жоба іске қосылды. Бұл жоба жүкті әйелдерге қажетті барлық тексерулерден бір күнде өтуге мүмкіндік береді. Жоба аясында жүктіліктің алғашқы триместрінде-ақ хромосомалық патологияларды анықтайтын заманауи скрининг аппараты сатып алынды.

«Болашақ анаға тек тамырдан қан тапсыру жеткілікті, ал 30 минут ішінде нәтиже дайын болады. Егер қандай да бір ауытқулар немесе қауіп анықталса, пациент генетик-дәрігерлерге жіберіліп, тиісті медициналық шаралар қолданылады. Бұл Даун, Патау, Эдвардс синдромдарын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті облыстық көпбейінді аурухана директорының орынбасары Алма Құрмашева.

Жоба өз тиімділігін дәлелдеді: 2024 жылы 1000-нан астам тексеру жүргізіліп, туа біткен ақауы бар бала туу қаупі жоғары 39 әйел генетик -дәрігерлердің кеңесінен өтті.

Өңір басшысы сондай-ақ босану бөлімін, жаңа туған нәрестелер патологиясы және балалар реанимациясы бөлімдерін аралады. Қазіргі таңда облыста 300-ге жуық дәрігер, соның ішінде акушер-гинекологтар жетіспейді. 2024 жылы аймаққа 174 дәрігер тартылса, оның 113-і ауылды жерлерде жұмысқа орналасты, бұл медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етуде.

Сапар барысында Марат Ахметжанов перинаталдық орталықта тәжірибеден өтіп жатқан жас мамандармен кездесті. Бану Асан, Түркістан облысы, Шардара ауданы, Көксу ауылының тумасы, Астана медицина университетінің 1-курс резиденті, ал Тамирис Бесембекова – 3-курс резиденті. Олар Ақмола облысы әкімінің гранты бойынша білім алып жатыр. Екеуі де «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша тәжірибе жинақтауда.

«Біз, жас мамандар үшін, тәжірибелі дәрігерлерден үйреніп, алған білімімізді іс жүзінде қолдануға зор мүмкіндік алып отырмыз. Болашақ дәрігерлерге жасалып жатқан қолдау мен жағдай үшін алғысымыз шексіз», – деді Бану Асан.

2025 жылдың наурыз айынан бастап перинаталдық орталық базасында ситуациялық орталық жұмыс істей бастады. Бұл орталық шұғыл және күрделі жағдайларда жедел басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Цифрлық мониторинг жүйесі туындаған мәселелерге уақытылы әрекет етуді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, аудандық деңгейде бекітілген мамандар жүкті әйелдердің денсаулығын қадағалап, қауіп тобын анықтап, оларды мамандандырылған медициналық мекемелерге бағыттайды.

Сапар соңында өңір басшысы медициналық көмектің сапасын арттыру – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

«Біз денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытамыз, осылайша әр ана мен бала уақтылы және сапалы медициналық көмек алуы тиіс», – деп қорытындылады Марат Ахметжанов.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Акмолинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар