БІРІНШІ ЛИГА: ТҮРКІСТАН МЕН КАСПИЙ КОМАНДАСЫ ТЕҢ ТҮСТІ: Түркістан облысы, 09 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

БІРІНШІ ЛИГА: ТҮРКІСТАН МЕН КАСПИЙ КОМАНДАСЫ ТЕҢ ТҮСТІ

БІРІНШІ ЛИГА: ТҮРКІСТАН МЕН КАСПИЙ КОМАНДАСЫ ТЕҢ ТҮСТІ

БІРІНШІ ЛИГА: ТҮРКІСТАН МЕН КАСПИЙ КОМАНДАСЫ ТЕҢ ТҮСТІ

Күні кеше футболдан Қазақстан бірінші лигасының 19-туры қарсаңында «Түркістан» командасы өз алаңында ақтаулық «Каспий» клубын қабылдады. Ойын кезінде қос команда да гол салуға бірнеше мүмкіндіктер болды. Алайда, екі топ футболшылары ойынның алғашқы бөлігінде қарсылас қақпасына жол таба алмады. 45 минут бойы бірде-бір гол көре алмаған жанкүйерлер екінші тайымда төрт бірдей голдың куәсі болды. Ойындағы алғашқы гол 50 минутта

11 метрлік айып соққысынан салынды. Голдың авторы «Каспий» командасының ойыншысы Бекзат Қаблан. Түркістандық жігіттерде қарап қалмады. 74 минутта айып соққысын керемет орындаған Әбділхай Бейбарыс таразы басын теңестірді. Ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда «Түркістан» командасы Артем Литоштың гол соғуымен есепте алға шықты. Алайда, ақтаулық аяқ доп шеберлері төреші қосқан қосымша уақытта таразы басын теңестіріп кетті. Каспий командасын жеңілістен құтқарған Муроджон Халматов болды. Ойын қорытындысы 2:2 есебімен тең аяқталып, қос команда бір-бір ұпайдан еншіледі. 19-турдан кейін «Түркістан» командасы 11 ұпаймен турнирлік кестеде 12-орынға жайғасты. Ал ақтаулық «Каспий» клубы 27 ұпаймен 8-орынын сақтап қалды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Күні кеше футболдан Қазақстан бірінші лигасының 19-туры қарсаңында «Түркістан» командасы өз алаңында ақтаулық «Каспий» клубын қабылдады. Ойын кезінде қос команда да гол салуға бірнеше мүмкіндіктер болды. Алайда, екі топ футболшылары ойынның алғашқы бөлігінде қарсылас қақпасына жол таба алмады. 45 минут бойы бірде-бір гол көре алмаған жанкүйерлер екінші тайымда төрт бірдей голдың куәсі болды. Ойындағы алғашқы гол 50 минутта <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>11 метрлік айып соққысынан салынды. Голдың авторы «Каспий» командасының ойыншысы Бекзат Қаблан. Түркістандық жігіттерде қарап қалмады. 74 минутта айып соққысын керемет орындаған Әбділхай Бейбарыс таразы басын теңестірді. Ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда «Түркістан» командасы Артем Литоштың гол соғуымен есепте алға шықты. Алайда, ақтаулық аяқ доп шеберлері төреші қосқан қосымша уақытта таразы басын теңестіріп кетті. Каспий командасын жеңілістен құтқарған Муроджон Халматов болды. Ойын қорытындысы 2:2 есебімен тең аяқталып, қос команда бір-бір ұпайдан еншіледі. 19-турдан кейін «Түркістан» командасы 11 ұпаймен турнирлік кестеде 12-орынға жайғасты. Ал ақтаулық «Каспий» клубы 27 ұпаймен 8-орынын сақтап қалды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақтағы жаңалықтар