Бірыңғай қабылдау күнінде 708 адам сауалдарын қойды
Өңірде Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Бұл шара Мемлекет басшысының «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өтті.
Ашық қабылдау тұрғындар көптеп жиналды. Қабылдауды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, оның орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен атқарушы органдардың басшылары, аудандардың және селолық округ әкімдері жүргізді. Өңір басшысының қабылдауында 31 азамат болды, әр сауал бойынша тапсырмалар берілді. Барлығы облыс бойынша қабылдауға 708 адам келді.
Келушілер абаттандыру, жол жөндеу, жұмысқа орналастыру, баспана, коммуналдық және әлеуметтік мәселелерді көтерді. Барша сұрақтар бойынша ақпарат пен кеңес берілді. Әр сауал бақылауға алынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -