Бітімгерлік операциялар орталығында ҰҚШҰ өкілдері болды
Алматыда бітімгерлік күштерінің «Мызғымас бауырластық-2024» оқу-жаттығуы шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығына Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Таалатбек Масадықов бастаған делегация келді.
Бітімгерлік операциялар орталығы бастығының міндетін атқарушы подполковник Уәлихан Байкенов қонақтарды мекеменің қызметімен таныстырып, оның негізгі бастамалары мен даму перспективалары туралы айтып берді.
Тараптар бітімгерлік орталықтарымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, бітімгерлік контингенттерді кәсіби даярлаудағы үйлестіру мен тәжірибе алмасуды нығайту мәселелерін талқылады.
Делегация мүшелері сабақтарға қатысып, оқытушылармен және тыңдаушылармен әңгімелесті. Бұл оларға орталықтың қызметі мен әскери мамандарды даярлау деңгейі туралы толық түсінік алуға мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -