БАҚ-тағы жарияланымға қатысты: Батыс Қазақстан облысы, 17 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

БАҚ-тағы жарияланымға қатысты

БАҚ-тағы жарияланымға қатысты

БАҚ-тағы жарияланымға қатысты

Бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз жарияланымдарға жүргізілетін мониторинг барысында «Facebook» әлеуметтік желісінің пайдаланушысы Айболат Бөкеновтің парақшасында «Выговор или замечание ждет сотрудника акимата ЗКО за совершение в пъяном виде массовой аварии» атты жарияланым фактісі анықталды.

Аталмыш жарияланымда осыған дейін көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару арқылы жол қозғалысының басқа қатысушыларына зиян келтіріп, жол-көлік оқиғасына жол берген БҚО әкімі аппаратының бөлім басшысы Е.Г. Найзабеков аталған («Мой город» газетінің интернет-ресурсындағы а.ж. 4 қазанда жарық көрген жарияланым).

Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес қазіргі уақытта осы құқық бұзушылықты жасау фактісі бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған.

Осылайша, аталмыш тұлғаның кінәсі туралы тиісті шешімді сот белгілейтін болады.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңның талаптарына сай, соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

Сонымен қатар, қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын сақтамағаны үшін жоғарыда аталған тұлғаның тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі сот шешімінің қорытындысы бойынша қаралатын болады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №156 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережеге сәйкес, өңірлік әдеп жөніндегі кеңес С-О-1, С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, D-R-1, D-R-2, Е-1, Е-2, Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдерге қатысты тәртіптік істерді қарайды.

Осылайша, Е.Г. Найзабековтың лауазымының санаты Әдеп жөніндегі кеңес қарайтын лауазымдар санатына жатпайтынын ескере отырып, аталған тұлғаның тәртіптік жауапкершілігі облыс әкімдігінің тәртіптік комиссиясының отырысында қаралуға жатады.

Өз кезегінде, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына талабына сай, тәртіптік комиссияның қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Западно-Казахстанской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар