Балқашта жастарға арналған спорттық-зияткерлік орталық жұмыс істей бастады
Балқаш жастарының кездесулер, келіссөздер, фитнеспен, бимен айналысатын, үстел ойындарын ойнайтын, бейне және аудио контент жазатын орны пайда болды: қалада Jas Space жаңа спорттық-зияткерлік орталығы ашылды.
Бұл белсенді және шығармашыл жастарға, сондай-ақ ешбір жерде оқымайтын және жұмыс істемейтін NEET санатының өкілдеріне арналған заманауи және функционалдық кеңістік.
Жастар мұнда жұмысқа орналасу, кәсіптік бағдар беру және кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңестер ала алады.
Jas Space «Сары Қазына» ЖШС және «Қоңырат» мыс компаниясы» ЖШС құрған «Қоңырат» корпоративтік қорының демеушілік қаражаты есебінен ашылды.
Орталық орналасқан үй-жайда қайта құру, әрлеу жұмыстары жүргізілді, қасбеті жөнделді, фитнес, үстел ойындары мен конференцияларға арналған залдар, сондай-ақ дыбыс және бейне жазу студиялары бар баспасөз орталығы жабдықталды.
Орталықта көркем гимнастика, 3D-модельдеу, заманауи би, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмелері ашылды.
– Жастардың зияткерлік және спорттық дамуы үшін жағдай жасау әлеуметтік басымдық болып табылады. Орталық жастардың тұлғалық дамуына, сондай-ақ оларды патриотизмге тәрбиелеуге септігін тигізетіні сөзсіз. Осындай әлеуметтік маңызды нысанның ашылуы басқа да бизнес өкілдеріне үлгі болуы тиіс, – деп атап өтті Балқаш әкімі Сапар Сатаев.
Jas Space жастар спорттық-зияткерлік орталығы С. Мұхамеджанов атындағы шағын аудандағы № 20а мекенжайында орналасқан.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -