Аппараттық кеңес
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің сапасы мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың негізгі көрсеткіші болып табылады және ерекше бақылауда тұр. Сондықтан, бұл мәселе бүгінгі кезекті аппараттық кеңесте қарастырылды. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аймақ бойынша электрондық нысанда көрсетілген қызметтердің пайызы 7% - ға өсті. Алайда, бұл жұмысты жалғастыра отырып, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзу фактілеріне жол бермеу керек.
Кеңестің күн тәртібінде сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2024 жылы Шахтинск қаласы қолдау көрсетілетін жобалар саны бойынша қалалар мен аудандар арасындағы көшбасшылардың бірі болып табылатындығы айтылды, атап айтқанда, жалпы қаржыландыру портфелі 818,4 млн. теңгенің жалпы сомасы бар 31 жоба, ол жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің санының көрсеткіштері мен Шахтинск қаласының бөлшек сауда тауар айналымының көлеміне қол жеткізуге әсер етті.
Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы бірінші кезекті міндеттердің қатарына, профилактикалық вакцинация күнтізбесінде енгізілген халықтың жұқпалы аурулардан иммундау бойынша жұмысты жандандыру аталды. Осыған байланысты, вакцинация мәселелерін айрықша бақылауға алу, оның ішінде осы бағыттағы ақпараттық жұмыстарды халық арасында және әлеуметтік желілерде күшейту тапсырылды.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -