Бала құқығын қорғау!
2025 жылғы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының жеке меншік білім беру объектілерінің басшыларына жергілікті атқарушы органдары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаментері өкілдерінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығымен бекітілген білім беру саласындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Соңымен қатар, іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:
- экстремизм және терроризм желісі бойынша ұғымдық аппарат;
- саяси, ұлттық және діни экстремизмді насихаттау белгілері бар аудио-, бейнематериалдардың үлгілері;
- экстремизм мен терроризмнің алдын алуда қолдануға ұсынылатын танымал теологтар мен тарихшылардың аккаунттары;
- кәмелетке толмағандар жасаған зорлық-зомбылық әрекеттерінің мысалдары;
- жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру қойылатын талаптар;
- жалған ақпарат әдістері, оның ішінде жасанды интеллектті қолдану. Жалған ақпарат орналастыру, тарату үшін жауапкершілік;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;
- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;
- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;
- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;
- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;
- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.
Білім беру мекеменің басшылары біқатар өзекті сұрақтарға жауап алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -