БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СОЗАҚ АУДАНЫНДА КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ: Түркістан облысы, 31 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СОЗАҚ АУДАНЫНДА КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СОЗАҚ АУДАНЫНДА КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СОЗАҚ АУДАНЫНДА КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы Жібек жолы-2 көшесінің бойынан 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнының демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шараға жиналған

тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жас бүлдіршіндерге мерекелік тілегін арнады. Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ауыл жастары спортты жанына серік етіп, жаңа нысан тәнін шынықтыратын орынға айналатынына сенімін білдірді. Шолаққорған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Созақ ауданының Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков аудан көлемінде түрлі сала бойынша атқарылып жатқан жұмысарға тоқталып, ізгі тілегін арнады. Спорт ардагері, ауыл қариясы Талымов Жолдасбек игі істі атқарған азаматтар мен нысанға демеушілік танытқан «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнына алғыс айтып, батасын берді. Айта кетейік, қазіргі таңда аудан жастары спортпен шұғылданып, бос уақытын тиімді пайдалануға қолайлы жағдайлар қарастырылуда. Өткен жылдан бері ауданда футбол, баскетбол, волейбол алаңшасы мен «Street workout», балалар ойын алаңшасы, 1000 орындық жаңа стадион және жабық үлгідегі футбол алаңдары пайдалануға беріліп, жалпы спорт саласы бойынша 9 нысан ел игілігіне ұсынылды. Биыл Қарақұр ауылында заман талабына сай жабдықталған жабық үлгідегі футбол алаңының құрылысы басталды. Жабық алаң кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы етіп жабдықталады. Алдағы уақытта бұндай нысан кезең-кезеңімен барлық ауылдық округтерде бой көтермек. Бұған қоса аудан орталығынан салынып жатқан заманауи үлгідегі 200 орындық спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Жалпы ауданы 3 га болатын спорт кешенінің оқу-жаттығу базасы да барлық заманауи талаптарға сай. Екі қабатты ғимарат волейбол және баскетбол алаңдары, күрес пен боксқа арналған зал, бассейн және футболмен айналысуға арналған ашық спорт алаңымен қамтылып, облысымыздағы айтулы нысандардың бірі болмақ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы Жібек жолы-2 көшесінің бойынан 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнының демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шараға жиналған <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жас бүлдіршіндерге мерекелік тілегін арнады. Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ауыл жастары спортты жанына серік етіп, жаңа нысан тәнін шынықтыратын орынға айналатынына сенімін білдірді. Шолаққорған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Созақ ауданының Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков аудан көлемінде түрлі сала бойынша атқарылып жатқан жұмысарға тоқталып, ізгі тілегін арнады. Спорт ардагері, ауыл қариясы Талымов Жолдасбек игі істі атқарған азаматтар мен нысанға демеушілік танытқан «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнына алғыс айтып, батасын берді. Айта кетейік, қазіргі таңда аудан жастары спортпен шұғылданып, бос уақытын тиімді пайдалануға қолайлы жағдайлар қарастырылуда. Өткен жылдан бері ауданда футбол, баскетбол, волейбол алаңшасы мен «Street workout», балалар ойын алаңшасы, 1000 орындық жаңа стадион және жабық үлгідегі футбол алаңдары пайдалануға беріліп, жалпы спорт саласы бойынша 9 нысан ел игілігіне ұсынылды. Биыл Қарақұр ауылында заман талабына сай жабдықталған жабық үлгідегі футбол алаңының құрылысы басталды. Жабық алаң кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы етіп жабдықталады. Алдағы уақытта бұндай нысан кезең-кезеңімен барлық ауылдық округтерде бой көтермек. Бұған қоса аудан орталығынан салынып жатқан заманауи үлгідегі 200 орындық спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Жалпы ауданы 3 га болатын спорт кешенінің оқу-жаттығу базасы да барлық заманауи талаптарға сай. Екі қабатты ғимарат волейбол және баскетбол алаңдары, күрес пен боксқа арналған зал, бассейн және футболмен айналысуға арналған ашық спорт алаңымен қамтылып, облысымыздағы айтулы нысандардың бірі болмақ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар