Баланы балабақшаға кезекке қою: қажетті құжаттар тізімі
Мектепке дейінгі жастағы баланы балабақшаға кезекке қою мемлекеттік қызмет болып табылады. Оны білім беру бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырады, ол үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілі «электронды үкімет» веб-порталы немесе ақпараттандыру нысандары арқылы өтініші мен құжаттарын жолдайды.
Ол үшін келесі құжаттар қажет:
• электронды құжат нысанындағы өтініш;• мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болған жағдайда);• санаториялық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою үшін фтизиатр-дәрігер берген құжаттың электронды көшірмесі.МДҰ-ға кезектен тыс немесе бірінші кезектегі тәртіппен қызметті алушылар қосымша тапсырады:
• әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);• ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде келесі құжаттар талап етіледі:
• нысан бойынша өтініш;• № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;• 052-2/у нысандағы «Бала денсаулығы паспорты»;• № 027/е нысанындағы анықтама;• психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (болған жағдайда) электронды көшірмесі;• әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);• ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі туралы мәліметтер, МДҰ-ға бірінші кезекте жолдама алуды растайтын мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
ҚР Оқу-ағарт министрлігі
Баланы балабақшаға кезекке қою: қажетті құжаттар тізімі (www.gov.kz)
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -