Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды: Астана қаласы, 02 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Биылдан бастап және бұдан кейінгі жылдары да әскер мен халықтың Отанды қорғаудағы бірлігі мен дайындығын бейнелейтін «Біртұтас ел – біртұтас жер» идеологемасы бөлімшелердің жауынгерлік жарысын ұйымдастыруда айқындаушы боламақ.

Әскери қызметшілермен мемлекеттік-құқықтық дайындық шеңберінде өткізілген сабақтарда жыл қорытындысы шығарылып, жаңа оқу кезеңіне тапсырмалар қойылды. Жеке құрамға Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары түсіндірілді.

Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, күш-жігер жауынгерлік дайындықты жетілдіруге, әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдауға, бөлімшелерді, ресурстар мен қаруды басқарудың цифрлық технологияларын енгізуге бағытталатын болады.

Барлық құрамаларда, әскери бөлімдер мен бөлімшелерде жауынгерлік дайындық бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар ұйымдастырылды. Әскери қызметшілерге, экипаждар мен есептоптарға штаттық қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы бекіту рәсімдері салтанатты жағдайда өтті.

Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары жүргізілуде. Практикалық сабақтарда әскери қызметшілер әскери техниканы жүргізу және оған қызмет көрсету ережелерін, қару-жарақ, оқ-дәрілер, электр жабдықтары, улы және техникалық сұйықтықтармен жұмыс істеу талаптарын, шұғыл медициналық көмек көрсету тәртібін зерделейді.

Айта кету керек, әскерлердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін және бұған дейінгі қол жеткізілген жауынгерлік оқу нәтижелерін ескере отырып жасалған.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Биылдан бастап және бұдан кейінгі жылдары да әскер мен халықтың Отанды қорғаудағы бірлігі мен дайындығын бейнелейтін «Біртұтас ел – біртұтас жер» идеологемасы бөлімшелердің жауынгерлік жарысын ұйымдастыруда айқындаушы боламақ.

Әскери қызметшілермен мемлекеттік-құқықтық дайындық шеңберінде өткізілген сабақтарда жыл қорытындысы шығарылып, жаңа оқу кезеңіне тапсырмалар қойылды. Жеке құрамға Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары түсіндірілді.

Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, күш-жігер жауынгерлік дайындықты жетілдіруге, әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдауға, бөлімшелерді, ресурстар мен қаруды басқарудың цифрлық технологияларын енгізуге бағытталатын болады.

Барлық құрамаларда, әскери бөлімдер мен бөлімшелерде жауынгерлік дайындық бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар ұйымдастырылды. Әскери қызметшілерге, экипаждар мен есептоптарға штаттық қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы бекіту рәсімдері салтанатты жағдайда өтті.

Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары жүргізілуде. Практикалық сабақтарда әскери қызметшілер әскери техниканы жүргізу және оған қызмет көрсету ережелерін, қару-жарақ, оқ-дәрілер, электр жабдықтары, улы және техникалық сұйықтықтармен жұмыс істеу талаптарын, шұғыл медициналық көмек көрсету тәртібін зерделейді.

Айта кету керек, әскерлердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін және бұған дейінгі қол жеткізілген жауынгерлік оқу нәтижелерін ескере отырып жасалған.

Аймақтағы жаңалықтар