Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы
2024 жылғы 17 маусымда «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) ашық қолжетімді орналастырылды.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, Қаржы нарығын реттеу және Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасының мақсаты банктік және микроқаржы активтерін сату бойынша электрондық сауда алаңында сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі талаптарды бекіту болып табылады.
Қаулы жобасы қатысушыларды тіркеу тәртібі, электрондық сауда алаңында банктік және микроқаржы активтерімен сауда-саттықты жүргізу ережелері белгіленген.
Қаулы жобасының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және "ашық НҚА" порталында сілтеме бойынша танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15091017
Жоба қазір қоғамдық талқылау сатысында.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -